Жарылыс кезінде зардап шеккен 23 жастағы әйел денесі күйіп, омыртқасы сынған. Ол апат кезінде жүктіліктің 17-18 аптасында болған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Жәбірленуші ең қиын екі операциядан өткен. Қазіргі уақытта оның жағдайы өте ауыр.
- Науқас Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінде жатыр. Оның жағдайы неврологиялық тапшылыққа байланысты тұрақты ауыр деңгейінде. Жұлынның толық зақымдануы болған. Әйел белінен төмен сал ауруына шалдыққан, - деді облыстық аурухананың баспасөз қызметіндегілер.
17 сәуір күні таңертең Жаңаөзен қаласында екі қабатты үйде жарылыс болып, алты адам қайтыс болған еді.