Ашық есік күні облыстық онкологиялық орталықта дәрігерлер барлық органдарға тегін зерттеу жүргізеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қабылдауды онко-хирург, онко-гинеколог, онко-маммолог, онко-уролог сынды білікті мамандар жүргізеді.
- Барлық органдарды, соның ішінде 50-70 жас аралығындағы тұрғындар үшін өкпенің компьютерлік томографиясын тексеру ұйымдастырылады. Консультацияға әйелдер де, ерлер де шақырылады, - деп жазылған баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Айта кету керек, өткен жылы диспансерлік есепке облыстың 1000 тұрғыны алынған. Жыл басынан бастап 330 адам есепке алындғаны белгілі болды.
Ашық есік күні 20 мамыр күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін Ақтау қаласы, 1 А шағын ауданы, облыстық онкологиялық орталық ғимараты мекенжайында өтеді.