Ақтауда 8-11 сынып оқушылары арасында Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын оқуға арналған республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың мұрасын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға еліміздің әр өңірінен 154 оқушы (20 команда) қатысып жатыр.
Оқушылар жазушының шығармаларын мәнерлеп оқудан сынға түседі. Әбіш Кекілбаевтың әдеби туындыларын көрсетеді.
Байқау аясында қатысушылар жазушының шығармашылық мұрасымен және өмірімен танысады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Білім Министрлігінің дипломдарымен және грамоталарымен марапатталады.
Айта кетейік, 11 мамырда басталған байқау 12 мамырға дейін жалғасады.