Іс-шара 2023 жылғы қаңтар айының патрульдік-постық қызметін ұйымдастыру жоспарын орындау мақсатында өткізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ақтау гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме бере отырып.
Алдын-алу іс-шарасы барысында әскери бөлімнің бақылау өткізу пункті, жауынгерлік машиналар тұрағы, әскери жатақханалар, жертөлелер, шатырларда есірткі және жарылғыш заттарын іздестіру шаралары ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, жеке құрамға есірткі пайдаланудың салдары адам денсаулығына және өміріне қауіптілігі, есірткі затын тұтыну, пайдалану, сақтау және тасымалдау деректері үшін қылмыстық жауаптылықтарға тартылатыны ескертілді.
- Бүгінгі аталған профилактикалық іс-шара басшылыққа ескертусіз өткізілді, әскери қызметшілер арасында тексеріс барысында қылмыстық құқықбұзушылық фактілері анықталмады, ол дегеніміз әскери қызметшілер нашақорлыққа мүлдем жоламайды деген пікірді сеніммен айта аламын, - деп атап өтті Ақтау өңірлік гарнизонының Әскери полиция басқармасының әскери полиция бөлімінің бастығы подполковник Жалғас Досымаев.
Айта кетейік, алдағы уақытта мұндай шаралар Ақтау гарнизонының барлық әскери бөлімдерінде ұйымдастырылмақ.