Балаларды қорғау күні аясында Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Суда батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен, Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Мұрат Мұхановтың алғыс хатымен Балбачан Виктор Викторович марапатталды.
Виктор осы жылдың 21 сәуірінде отбасымен Ақтау қаласына демалуға келген Астана қаласының тұрғыны. Каспий теңізінің жағалауында серуендеп жүргенже баланың теңізге құлағанын көріп, ойланбастан пирстен суық суға секіріп, суға батып бара жатқан баланы құтқарды. Жақында жүрегіне ота жасатқанына қарамастан, өзінің батылдығының арқасында өз өмірін қатерге тігіп, Виктор Балбачан баланың өмірін сақтап қалды.