Жобаның мақсаты – кәсіпкерлерге әртүрлі әкімшілік кедергілерді, құжаттарды ресімдеу кезінде әуре-сарсаңдарды еңсеруге көмектесу, мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімдері мен ашықтығын сақтауды қамтамасыз ету, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Кәсіпкерлер жерді ресімдеу, сәулет және басқа да бақылаушы органдардан рұқсат алу, коммуникацияларды қосу, сондай-ақ мемлекеттік қолдауды (кредиттер, гранттар, субсидиялар) алу кезінде кездесетін нақты проблемаларды шешумен айналысатын боламыз",-делінген хабарламада.
Өңірлерде бизнес өтініштерін қабылдау үшін арнайы алаңдар мен байланыс арналы жұмыс істеуде.
Аумақтық департаменттердің басшылары Facebook парақшаларында хабарламаларды қабылдайды.
Сондай-ақ Антикордың Call-орталығына 1424 қысқа нөмірі бойынша хабарласуға болады.