Маңғыстаулық спортшылар Tratyl fest республикалық турнирінің жүлдегерлері атанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Астанада Tratyl fest республикалық республикалық турнирінде маңғыстаулық 3 спортшы жүлделі орынға ие болды.
Елордада турникке тартылудан республикалық Tartyl Fest турнирінің гранд финалы мәресіне жетті. Дарындыларды қолдау «Dara Qory» ұйымдастырған гранд финалға 9 салмақ дәрежесі бойынша 170 спортшы қатысты. Жеңімпаздар 3 миллион, ІІ орынға 2 миллион, ІІІ орын иегерлері 1 миллион теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.
Өңір намысын қорғаған маңғыстаулық 3 спортшы екі күміс, бір қола жүлдеге ие болды. Атап айтқанда, 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында 55 кг дейін санатында Нұрхат Тілеулиев, 55-70 кг санатында Сүйіндік Айдос 2-орын және 30 жастан жоғары, 80 кг-ға дейінгі санатта 3 орынды Дамир Набиев иеленді.
Жеңімпаздар арасында ең кішкентай спортшы 11 жасар Мансұр болды. Ал тараздық Евгений Нам 52 рет турникке тартылып, рекорд жаңартты.
Еліміздің ең мықты воркаутерлері Street Workout бойынша өтетін Халықаралық чемпионатта өнер көрсетуге іріктелді.