Ақтауда есірткі сатумен айналысады деген күдікпен РФ-ның азаматы ұсталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
POLISIA.KZ-тің жазуынша, 14 ақпанда келіп түскен жедел ақпарат бойынша Маңғыстау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізген. Осы ретте Ақтау қаласы 5 шағын аудан аумағында есірткі затын сатумен айналысады деген күдікпен 20 жастағы Ресей азаматын анықтады.
Тексеру барысында қалтасынан 2 дана оралған синтетикалық есірткіге ұқсас ұнтақ, діни кітап, тәсбих және жалдап тұрып жатқан үйіне тінту кезінде арабша жазылған діни парақша мен діни мазмұндағы әдебиет тәркіленді.
Аталған дерек СДТБТ-де ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Қазіргі таңда, қозғалған қылмыстық іс шеңберінде тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейін тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.