Ақтау қаласы әкімдігі тозығы жеткен тұрғын үйлерді кезең-кезеңімен сүру жөніндегі бағдарлама 2026 жылы толығымен жүзеге асатындығын мәлімдеді.Қазіргі таңда жергілікті атқарушы орган жаңа үйлер салу үшін инвесторлар іздеу үстінде, деп хабарлайды сайт mangystaumedia.kz.
Ақтауда ескі үйлерді сүру және қайта жаңарту жұмыстары соңғы 7 жыл бойы жүргізіліп келеді.
Ақтакуда 2016 және 2022 жылдар аралығында 15 ескі үй (2 қабатты) сүріліп, 7 тұрғын үйдің іргесі қайта қаланып, (5 қабатты) тұрғындарға табысталды. Мысалы, 3-шағын ауданда орналасқан ескі үйлердің тұрғындарына 257 пәтер берілді.
"Тұрғын үй қорын жаңғыртуға бағытталған бағдарламаны іске асыру жалғасады. Нәтижесінде тозығы жеткен, апатты жағдайдағы үй-жайлар мәселесі кезең - кезеңімен өз шешімін табады", - деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Имаммахмұт Шағырбаев.
Бағдарламаның екінші кезеңі аясында 2026 жылға дейін 590 пәтерлік 9 тұрғын үй салу жоспарланды. Алдағы уақытты 15 ескі үй бұзылып, 176 пәтердің тұрғындары жаңадан салынған үйлерге көшіріледі.
"Жауапты тұлғалар әлеуетті инвесторларды тарту бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр", - делінген әкімдік хабарламасында.