Маңғыстаулық спортшылар дзюдодан жасөспірімдер арасында ҚР чемпионатында 3 қола медаль иеленді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Елордада Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды.
13-17 ақпан аралығында өткен жарысқа еліміздің барлық өңірінен 820 спортшы қатысқан болатын.
Аталған сында маңғыстаулық 3 спортшы қола жүлде иегері атанды. Олардың қатарында 60 келі салмақ дәрежесінде Нұргелді Қанат, 81 келіде Жасұлан Сайын, +63 келіде Гүлдана Теңелбаева үздік үштікке енді.