Бокстан Қазақстан Ұлттық құрама командасының мүшесі Саматәлі Төлтаев тыйым салынған затты пайдаланды деген күдікке ілінді деп хабарлайды mangystaumedia.kz Bassport.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық бокс федерациясының мәліметінше 60 келіде сынға түсетін боксшысының алғашқы допинг сынамасы оң нәтижеге берген. Екінші сынама қашан алынатыны белгісіз.
Бүгінде осы іске қатысты тексеріс жұмыстарын Халықаралық допингке қарсы агенттік (WADA) жүргізіп жатыр.