© Талант ҚҰСАЙЫН
Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, 2022 жылы Маңғыстау облысына 41 мыңнан астам шетелдік турист келген. Басқа елдерден келген қонақтар Каспий теңізінің жағалауында орта есеппен 7 күннен 12 күнге дейін болған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Сондай-ақ сапар ұзақтығы бойынша үздік үштікке Алматы мен Астана қалалары да кірді.
Басқа елдерден келген туристердің Қазақстанда болу ұзақтығы орташа есеппен 4 күн.
«Сапардың ұзақтығы аймақтың туристік тартымдылығын көрсетеді. Маңғыстау облысының әлеуеті өте зор, біз оны толық іске асыру үшін белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Мамандар оқытылып жатыр, туризм инфрақұрылымы салынуда, жаңа тікелей рейстер бойынша келіссөздер жүргізілуде. Шетелдіктердің сұранысы жоғары, біз оны қанағаттандырғымыз келеді», - деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.