Ақтауда кәмелет жасына толмаған мектеп оқушысының қала ішінде мопедпен жүргені анықталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
12 сәуір күні қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді қадағалау кезінде “Мираж-11” жасағы Ақтау қаласының 15 шағын ауданы Тас самалына қарсы жаяу жүргіншілер жүретін жолақта жасөспірімнің “Shark” маркалы мопедпен жүргені анықталды.
Тексеру барысында, жүргізушінің 16 жаста екендігі және басқарған мопедінің қозғалтқышының көлемі 49 куб екендігі анықталды. Жасөспірім полиция басқармасына жеткізіліп, ата-аналары шақырылған.
Кәмелетке толмағанның әкесіне қатысты ҚР ӘҚБтК 127-бабы 1-бөлігі және 442-бабы 2-бөлігі бойынша хаттама жасақталып, профилактикалық негізде сұхбат жүргізілді. Мопед қозғалыс құралы айыптұраққа жабылды.