Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі құрылысы мен реконструкциясы Инфрақұрылымды қолдау қоры есебінен қаржыландырылатын орта білім беру объектілерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Құжатта жемқор шенеуніктерден тәркіленген қаражат есебінен салынатын 62 жоба тізілген.
Ақтау қаласының 18 және 19а аудандарында әрқайсысы 1200 орындық 2 мектеп салынбақ.
Мұнайлы ауданында тағы екі білім ошағы – Қызылтөбе ауылдық округіндегі «Қызылтөбе-2» тұрғын алабында және Басқұдық ауылдық округінде салынады.
Бұл үш ауысымда оқыту мәселесін шешеді.