26 мамыр «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орай Полиция департаментінің есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы және өзге де ұйымдардың қатысуымен «Есірткісіз өмір» атты велошеру өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Іс-шараның мақсаты - жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру және есірткі қылмыстарының алдын алу.
Салтанатты ашылуы 4 шағын аудандағы «Абай» мәдениет үйінің алдында сағат 09:00-де өтеді. Іс-шара 3 сағатқа жоспарланған.