Бүгін, 23 мамырда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Иран Ислам Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығына барды. Аймақ басшысы тікұшақ апатында көз жұмған Иран президенті Ибрахим Раиси мен үкіметтік делегация мүшелерінің қазасына байланысты Иран халқына көңіл айтып, қолдау білдірді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай көңіл айту кітабына жазба қалдырды.
- Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисидің мезгілсіз қайтыс болғаны туралы хабарды үлкен өкінішпен қабылдадым. Ибрахим Раиси саналы ғұмырын Отанға адал қызмет етуге арнаған елінің адал перзенті болды. Барша маңғыстаулықтардың атынан және жеке өз атымнан Иран халқына көңіл айтамын, – деді Нұрдәулет Қилыбай.