Ел президенті Экология министрлігіне Маңғыстаудағы ірі кәсіпорындардың Экологиялық кодексті сақтауын қатаң бақылауға алуды тапсырды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Облыс халқы өндірістік қалдықтар суды және ауаны ластап жатқанын айтып, жиі дабыл қағады. «ҚазАзот», «МАЭК-Қазатомпром», «CASPI BITUM», «Маңғыстаумұнайгаз» сияқты мекемелердің үстінен шағым түсіп жатыр. Әрине, табиғатқа залал келтіргені үшін салынған айыппұлдың көлемі экологияға тиген зардаптың орнын толтырмайды", - деді мемлекет басшысы Қ. Тоқаев.
Сонымен қатар аталған компаниялардың қоршаған ортаны қорғауға, ескірген құрал-жабдықтарды жаңартуға, заманауи тазалау технологиясын орнатуға қатысты міндеттемелері бар екенін ескертті.