2023-2026 жылдары 29 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына сапары барысында айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Алдағы үш жылда кәсіпорындар өз жұмысын бастаса, 3 мың тұрақты жұмыс орны ашылады.
"Үкіметке және әкімдікке барлық жобалардың уақытылы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырамын", - деді Президент Қ. Тоқаев.