Маңғыстау облысының тұрғындары тұрғын үйлеріне жиһаз жасатамыз деп, алаяқтың құрығына түсіп қалды. Полицияға 8 жәбірленуші арызбен жүгінді Оларға келтірілген шығынның жалпы көлемі 3млн. 196мың теңгені құрайды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД-не сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлерімен 26 жастағы күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Бұл дерек ҚР ҚК 190-бабы (алаяқтық) бойынша Ақтау қаласы ПБ СДТБТ-де тіркелді. Өзге мәлімет тергеу мүддесінде жария етілмейді.
Маңғыстау облысы Полиция департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын алаяқтардан сақ болуға шақырады. Сенімсіз есепшоттарға қаражат аудармауларыңыз сұралады.