Құқық қорғау органдарының ең маңызды салаларының бірі - жедел-криминалистикалық қызметтің құрылған күніне 105 жыл толуына орай қызметтерін мінсіз атқарып жүрген облыстың үздік криминалистері мен сала ардагерлері марапатталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. МО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Криминалистика саласына үлкен үлестерін қосқан үш ардагер және 10 полиция қызметкері қажырлы еңбектері үшін құрметке ие болды.
Криминалист мамандығын меңгеру екінің бірінің қолынан келе бермейді. Себебі маманды дайындау барысы да күрделі. Қиындығы мен қызығы мол қызмет түрін тізгіндеп жүрген сақшылардың қылмысты ашу барысында атқаратын жұмыстарының жауапкершілік пен табандылықты талап ететіндігін атап өту маңызды.
Өйткені айғақ-дәлел заттарды жинақтап, әрқайсысын зерделеп, қылмыскерді анықтау арқылы ғана істің мән-жайына толық көз жеткізе аламыз. Ал, бұл процесте криминалистердің еңбектері зор.