1 наурыз бен 30 маусым аралығында Маңғыстау облысында көктемгі әскерге қабылдау науқаны басталды. 2024 жылдың көктемінде Маңғыстау облысынан Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын мерзімді әскери қызметке шақыруға 18 бен 27 жас аралығындағы 600-ге жуық жастар толықтырады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Әскерге шақыруды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырып, қамтамасыз етеді. Тиісті қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары облыстық, қалалық және аудандық комиссиялардың төрағалары болып табылады. Облыстық қабылдау комиссиясын Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Жұмабай Қарағаев басқарады.
1 наурызда басталатын көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында облыстан жалпы 250 адамды - Қарулы Күштерге, 100-ге жуық азаматты Шекара қызметіне, 240-тан астам азаматты Ұлттық ұланға және 10-ға жуық жас сарбаздарды мемлекеттік күзет қызметі мен Төтенше жағдайлар министрлігіне жіберу жоспарлануда.
Әскерді цифрландыру аясында мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыру немесе босату, сондай-ақ алғашқы әскери есепке тұруға тіркеу мемлекеттік қызметтер болып табылады және азаматтарға электронды үкімет порталы арқылы көрсетіледі.
«Әскерге шақырудың алғашқы күндерінен бастап 18 жасқа толған азаматтар тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарына медициналық тексеруден, психологиялық тестілеуден және жеке әңгімелесуден өте бастады. Әскерге шақыру науқаны кезінде бірінші кезекте Шекара қызметі мен Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелері жасақталады, одан кейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Ұлттық ұланның әскери бөлімдеріне шақыру басталады”, - деді Маңғыстау облысы бойынша департаменті әскери қызметке шақыру бастығының орынбасары, майор Еркін Алпанов атап өтті.
“Сонымен қатар, қаңтар айында көктемгі әскерге шақыру басталмас бұрын әскерге шақырылушыларды алдын ала зерделеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, әрбір оқытылатын мерзімді әскери қызметші денсаулығына, білімі мен моральдық-психологиялық жағдайына қарай Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тағайындалады”, деді Еркін Алпанов.
Алғашқы шақырту биылғы жылдың 6 наурызында өтеді, 24 маңғыстаулық Алматы облысы, Қарасай ауданына әскери борышын өтеуге аттанады.