Маңғыстау облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов былтыр облыс бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында барлығы 2975 заңбұзушылық анықталғанын айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Атап айтқанда, құжаттардың толық болмауы бойынша 666 және артық құжат сұрату бойынша 841 бұзушылық белгілі болған.
Сонымен қатар, заңбұзушылықтардың жиі орын алатын салаларына: еңбек және әлеуметтік қорғау – 639, Жер қатынастары – 641, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – 211 кіреді.
Заңбұзушылықтарды жою бойынша 540 ұсынымдар енгізіліп, барлығы толықтай орындалған. 46 қызметші тәртіптік жазаға тартылан.
Былтыр Маңғыстау облысында 8 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде, 67,8% электрондық түрде көрсетілген.