Өңір тұрғындары “белгілі бір сомада қаражат берсең, қайтарымсыз грант ақша алып беремін” деп уәде етіп, кейін сөзінде тұрмаған алаяққа қатысты полицияға арызбен жүгінді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД-ға сілтеме жасап.
Келтірілген шығынның жалпы көлемі - 1.630.000 теңге.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Аталған дерек ҚР ҚК 190-бабы (алаяқтық) бойынша тіркелді. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
Маңғыстау облысы ПД ескертеді: алаяқтардың арбауына түсіп қалмаңыз! Өз қауіпсіздігіңіз үшін жеке мәліметтеріңіз бен қаражатыңызға сақ болуыңыз сұралады.