Жақында жоғары және орта арнаулы оқу орнының студенттеріне арнап “Кәсіпкерлік негіздері және жастарды кәсіпкерлікке баулу” тақырыбында тренинг өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Тренингті “Samga Academy” тұлғалық дамыту орталығының директоры, сертификатталған коуч ICU, бизнес тренер Бибігүл Шайхиева жүргізді. Негізгі мақсат - жастардың кәсіпкерлік саласына қызығушылығын арттыру, кәсіп бастауға қажетті дағдыларды үйрету.
Тренинг барысында студенттер белсенді болды. Олар бизнес жоспар жасақтауды, қаржылық тәртіп, бәсекеге қабілетті кәсіпкер болудың құпиясымен танысты. Шара соңында қатысушылар тренермен кері байланыс орнатты.
Аталған шара Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі тапсырысымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен “Ақтау Студенттер Альянсы” ҚБ ұйымдастыруымен өтті