Алаяқтың жымысқы әрекетінен залал көргендер полицияға жүгінді. Жәбірленушілердің шығын 106 мың теңгені құрайды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыс ДП-ға сілтеме жасай отырып.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері 24 жастағы күдіктінің жеке басын анықтап, ұстады. Бұл факт ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелген. Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
Маңғыстау полициясы өңір тұрғындары мен қонақтарын өте мұқият болуды және алаяқтардың айласын асыруына жол бермеуді ескертеді