«Amanat» партиясының «Жергілікті полиция қызметінің жұмысына «Жұртқа жақын полиция» қағидатын енгізу», «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» Жол картасы аясында Маңғыстау облысы Полиция департаментіне 16 қызметтік автокөлік берілді. 23 қараша күні Полиция департаментінің алаңында департамент бастығы полиция генерал-майоры Аян Дуйсембаев қызметтік автокөліктердің кілтін табыстады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД-ға сілтеме жасап.
Барлық автокөліктер заманауи арнайы техникамен, бейнетіркеуіштермен және навигациялық жүйелермен жабдықталған. JPS жүйесі арқылы көліктердің қай бағытта жүргені орталықтан бақыланады.
Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларына 6 дана “НИВА” маркалы автокөлігі және патрульдік полиция батальоны қызметкерлеріне 10 дана “Chevrolet Cobalt” автокөліктері берілді. Жаңа автокөліктер азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігін сақтауға, қылмыстарды ашуға, құқықбұзушыларды ұстау және облыс орталығы мен аудандарда көшелерді патрульдеу мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға септігін тигізеді.