Қарақия ауданы, Құрық ауылында 3 шақырым жердегі жағажайда 2001 жылы туған жігіт суға батып кетті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Құрық ауылына қонаққа келген 2001 жылы туған азамат кешкі сағат 18:00 шамасында суға түсуге барған.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары жігіттің денесі табылғанын хабарлады. Мамандар жігіттің судағы қауіпсіздік және сақтық ережелерін сақтамағанын айтты.
Айта кетейік, жаз маусымы басталғалы бері Құрық ауылына қыдырып келген үш адам суға батып кетті. Өткен апталарда дәл осы жағажайда 2 жасар нәресте мен 13 жасар бала суға батып кеткен еді.
Қарақия ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі аудан тұрғындары мен қонақтарына ескертеді:
- Суға шомылуға тыйым салынған жерлерде шомылмаңыз.
- Көпірлерден және бөгеттерден суға секірмеңіз!
- Шомылып жатырған балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
- Суға мас күйде шомылмаңыз.
- Жабдықталмаған жерлерде суға түспеңіз.