Бейнеу аудандық пробация қызметі аудандық орталық ауруханамен бірлесіп, есепте тұрған 20-ға жуық сотталған адамды медициналық тексеруден өткізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
-Пробациялық есепке алынған адамдарды қоғамға бейімдеу және оңалту бағытында оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіледі. Аудандық орталық ауруханамен бірлесіп, есепте тұрған 20-ға жуық сотталған медициналық тексеруден өтті. Денсаулықтарының жағдайын анықтау, өкпе ауруының алдын алу мақсатында флюрографиядан өтті, - дейді әділет майоры, Бейнеу аудандық пробация қызметі бөлімінің басшысы Дидар Исабекова.
Оның айтуынша, қандай да бір ауру белгісі анықталған жағдайда сотталғандарға медициналық қызмет алуына тегін көмек көрсетіледі.