Мектеп пен колледждердегі 14 желтоқсан күнгі сабақ қашықтықтан оқыту форматында жалғасады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысының білім басқармасына сілтеме жасап.
Ал мектепке дейінгі ұйымдар күнделікті штаттық режимде жұмыс істейді.
- Білім беру мекемелерінің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді. Пән мұғалімдері күнделікті жұмыс орындарында сабақты онлайн өткізеді. Өзгерістер қосымша хабарланатын болады, - делінген білім басқармасының хабарламасында.
14 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында шаңды дауыл соғады. Синоптиктер облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында екпіні 23-28 м/с жел соғады деп болжап отыр.