Маңғыстаулық ақын, аудармашы Еділбек Дүйсеннің өлеңдері неміс тіліне аударылып, «Орта Азиялық жыр антологиясы» кітабына шықты, – деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кітап 2021-2022 жылдары Гёте-институтының ұйымдастыруымен өткен «Grand Tour Zentralasien» жобасы аясында шыққан. Сиясы кеппеген «Орта Азиялық жыр антологиясы» туындысы жақында Берлин қаласындағы Гумболдт университетінде тұсауы кесілді. Сондай-ақ Лейпциг қаласында көпшілікке таныстырылып, неміс тілді оқырмандар назарына ұсынылды.
Жыр жинағына жас қазақ ақындары Сағыныш Намазшамованың, Жеңісбек Пазыл мен Батырхан Сәрсенханның, Еділбек Дүйсен мен Мирас Асанның өлеңдері енген.
Ал қырғыз ақындарынан Алиман Абдыкеримова, Нарсулуу Гургубаева, Гүлзада Станалиева, Нуриза Өмүрбаева және Махабат Қасейинова неміс тіліне аударылды.