Ұзақ үзілістен соң әуесқой боксқа қайта оралған Бекзат Нұрдәулетов Болгарияда өтіп жатқан халықаралық турнирдегі алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Софияда дәстүрлі түрде 74-ші рет өтіп жатқан «Странджа» кубогында маңғыстаулық Бекзат Нұрдәулетов сербиялық Артиом Агелевті төрешілер шешімі бойын ұтты.
Турнирді екінші айналымнан бастаған жерлесіміз енді ширек финалда өзбекстандық Жасурбек Юлдошевпен шеберлік байқасады.
20 ақпанда басталған жарысқа бокстан Қазақстан ұлттық командасы толық құрамда қатысып жатыр. Олардың қатарында әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов барын mangystaumedia.kz бұған дейін жазған болатын.