Бокстан Қазақстан ұлттық командасы Софияда өтетін ірі халықаралық Страндж кубогына қатысып жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Құрама қатарында Токио Олимпиадасынан әуесқой бокста алғаш рет сынға түскелі отырған Бекзат Нұрдәулетов бар. Жерлесіміз Олимпиада Ойындарындағы сәтсіздіктен кейін кәсіпқой бокста бақ сынаған болатын. Жыл басында ұлттық құрамаға шақырту алған Бекзатқа бапкерлер халықаралық турнирде зор үміт артып отыр.
Сонымен бірге, аталған турнирде Ернұр Қайрат, Кенже Мұратұлы, Бекзат Алдамжаров, Оразбек Асылқұлов, Ерасыл Таңқай, Ертуган Зейнуллинов, Темірхан Тезек, Нұрқанат Райыс, Бекзат Таңатаров, Абзал Куттыбеков, Камшыбек Кункабаев қатыспақ.
Дәстүрлі түрде өтетін дода 20 ақпанда басталып, бір аптаға созылады деп күтіліп отыр.