Қарақия ауданының 50 жылдығы аясында Ералы елдімекенінде жеке кәсіпкердің қолдауымен спорт залы ашылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қарақия ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жеке кәсіпкер Аманкелді Көлбаевтың қолдауымен салынған спорт залы пайдалануға берілді. Ғимараттың салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары М.Төлегенов, ауыл тұрғындары қатысты.
Салтанатты ашылу рәсімінде тұрғындар алғысын білдіріп, болашақ спортшыларға сәттілік тіледі.
Аталған спорт залы жастарға спортпен тұрақты шұғылдануға мүмкіндік беріп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға зор үлес қоспақ.