Қызылорда қаласында шағын футболдан айтыскерлер арасында өткен республикалық турнирде маңғыстаулық айтыскерлер І орын алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
8 команда қатысқан доп бәйгесінде Маңғыстау облысының атынан қатысқан «Жыр жебе» футбол командасы қарсыластарын жоғары ұпайлармен жеңіп шықты. Топ құрамында республикалық, халықаралық сондай-ақ аймақтық айтыстардың жүлдегерлері Ердәулет Сардар, Жанболат Әлиев, Ербол Жұмахан, Мейірбек Саламатов пен Бейбіт Байжігітов ойнады. Ал топтың капитаны белгілі айтыскер Нұрлан Мұсаев болды.
Қызылордалық азамат Жаңалық Бөлекбаев маңғыстаулық айтыскерлердің жеңісінің сүйіншісіне 500 мың теңге берді.
Айта кетейік, маңғыстаулық ақындар былтыр да Тараз қаласында шағын-футболдан өткен халықаралық турнирде І орынға ие болған еді.