Карате WKF-тан «Әлемдік жастар лигасында» маңғыстаулықтар 2 алтын иеленді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.
БАӘ-нің Фуджейра қаласында карате WKF-тан әлемдік жастар лигасы аяқталды. 67 мемлекеттен 1196 спортшы қатысқан сында Қазақстан құрамасында өнер көрсеткен маңғыстаулық екі спортшы жеңіс тұғырынан көріне алды.
Олардың қатарында 14-15 жас аралығында сынға түскен -40 салмақ дәрежесіндегі Руслан Еркін және 18 жастан жоғары санаттағылар бойынша -67 салмақ дәрежесінде Мұхат Айдос жеңімпаз атанды.
-40 келі салмақ дәрежесінде екі қазақстандық спортшы Хорватия және Франция мемлекетінің спортшыларынан басым түсіп, ел қоржынына алтын және күміс жүлде қосты. Ал Мұхат Айдос Сауд Арабиясы және Катар және Марокко спортшыларынан жоғары тұрып, еліміздің әнұранын шырқатты.
Қос алтынды қоржынға салған жас ұландарды Айбек Төребаев және Сұлтан Райым сынды білікті бапкерлер жаттықтырады. Бүгінде екі спортшы Мұнайлы ауданына қарасты Дәулет ауылдық спорт мектебінде жаттығып жүр.