Қарақиялық жас палуандар халықаралық турнирде жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қарақия ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24-26 ақпан аралығында Алматыда дзюдо күресінен 2008-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында «TITAN JUDO CUP» халықаралық турнирi мәресіне жетті.
Үш күнге созылған жарысқа республика және Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан құрама командалары бойынша 2300 спортшы сынға түсті.
Халықаралық сында бақ сынаған жарыста Құрық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары Қайсар Ізтаңат, Нұрасыл Баймағанбетов және Аружан Сәрсеновалар бапкер сенімін ақтап, күміс жүлдеге ие болды.
- Осыған дейін дайындалған еңбегіміз еш кетпей, спортшыларымыз жоғары нәтиже көрсете білді. Жасөспірімдер үшін бүл жарыс үлкен тәжірбие болып отыр. Жаттығуды одан әрі күшейтіп, бұдан да биік белесті бағындыруға барымызды саламыз.” - деді жасөспірімдердің бапкері Марат Бекбатыров.