Маңғыстауда 400-ге жуық спортшы карате шинкиоккушинкайдан емтихан тапсырды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Емтихан алдымен Ақтаудағы "Маңғыстау арена" спорт кешенінде өтті. Оған 250-ге жуық спортшы қатысты. Ал Жаңаөзенде 150 спортшы емтихан тапсырды. Осылайша, спортшылар білімін арттырып, белбеуін көтерді. Емтиханды федерацияның техникалық директоры Бижанов Асылбек Марқабайұлы өткізді.
Сыннан сүрінбей өткен спортшыларды Карате шинкиоккушинкай федерациясының атқарушы директоры Алдаберген Хасанұлы марапаттады. Ол өңір спортын дамытуға, елдің туын биікте көтеруге серпін беріп, спортшыларға сәттілік тіледі.