Өзбекстанда қол күресінен өткен Азия чемпионатында маңғыстаулық спортшылар Аружан Құрбанова мен Гаухар Жаңғазы, Көпжан Жүнбас пен Қасым Құлбош Азия чемпиондары атанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық спорт басқармасына сілтеме беріп.
Ал, параспортшылар арасында Азия чемпионы атағын Төлеген Қобланов, Даулет Дагистан және Аят Айткалиев иеленді.
Сондай-ақ, параспортшылар Нұртуған Қожабаев пен Бақберген Ахибаев ел қоржынына қос күміс жүлде салса, Ринат Еспол қола жүлде салды.
Маңғыстаулық спортшылар арасында ардагерлер санатында өнер көрсеткен Исембай Матенов қол күресінен оң қолдан 3-орын, сол қолдан 2-орын иеленді.
19-27 мамыр Өзбекстан мемлекеті Ташкент қаласында қол күресінен спортынан Азия Чемпионаты өтті.
Жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар Роман Исламгалиев пен Амантай Башниязовтың және Нұрдаулет Ерсайыновтың жетекшілігімен жаттығады.