Футболдан Ресей кубогының суперфиналында ақтаулық Нұрәлі Әліп командасы үшін жеңіс голын соқты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Көрші елдің кубок бәсекесінің финалында «Зенит» пен «Балтика» кездескен еді. Аталған ойынның 95-минутында Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп командасын алға шығарды.
Финалдық матч Мәскеудегі «Лужники» стадионында өтті. Бірінші таймда Алекс Фернандес (40-минутта) «Балтиканы» алға шығарған. Мұнан кейін калининградтық клуб қорғанысқа жатып алып, 81-минутқа дейін уақыт созуға тырысқан. Алайда, «Зениттің» бразилиялық легионері Нино матчтың аяқталуына 10 минут қалғанда есепті теңестіріп кетті.
Ал төреші қосқан қосымша минутта Нұралы Әліп Санкт-Петербург командасына жеңіс әкелді.