Ақтауда 11 көпбалалы анаға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» табысталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жалпы Ақтау қаласында 10 мыңға жуық көпбалалы ана бар. Жыл басынан бері 42 көпбалалы ана «Алтын алқа», ал 124 көпбалалы ана «Күміс алқаға» ие болды. Шараға Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Нұртас Сали қатысып, аналарды марапаттады.
-Отан - отбасынан басталады. Жанұяда ата-анасының ұлағатты сөздерін естіп, тәрбиесін бойына сіңірген бала келешекте еліне елеулі азамат болып өседі. Болашақта абыройлы азамат мемлекеттің дамуына өз үлесін қосады. Осы ретте ананың балаға беретін тәрбиесі мен махаббаты ерекше. Сіздерге алғысымды айтамын. Балаларыңыз аман болсын, - деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Нұртас Сали.