Ақтау қалалық полиция батальоны қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында көлік жолының қарсы бағытына шығып кеткен жүргізушіні анықтады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бүгін таңертең сағат 10:30-дар шамасында 4 шағынауданда Тойота Камри маркалы автокөлігінің иесі жолдың қарсы бағытына шығып кеткен.
Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК 596-бап бойынша әкімшілік хаттама толтырған.