Словенияда өткен халықаралық турнирде Маңғыстау облысынан барған таеквондошы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Елдар Бірімбай барлық кездесуде қарсыластарынан басым түсіп, жеңістің биік сатысынан көрінді.
Қазақстандық таеквондошылар Любляна қаласында өткен халықаралық Slovenia Open рейтингтік турнирінен 5 алтын, 7 күміс, 13 қола медаль олжалап, жалпы командалық есепте көш бастады.
Аталған жарыста 68 келіде өнер көрсеркен маңғыстаулық Елдар Бірімбайдың шеберлігі Еуропа жанкүйелерін кезекті рет тәнті етті.
«Бұл жарыс әлем чемпионатына іріктеудің алғашқы кезеңі болып саналады. Біздің мақсатымыз - Азия, әлем, Олимпиада шыңына шығу», - деді Маңғыстау облыстық таеквондо федерациясының аға жаттықтырушысы Қуанғали Дастанұлы.
Ақпан айының 25-26 күндері өткен G-1 санатындағы халықаралық додаға әлемнің бес құрлығындағы 50 елден мыңға жуық спортшы шеберлік байқасты.