Қарақия ауданында халықаралық әйелдер мерекесі орай қыз-келіншектер арасындағы аудандық волейбол жарысы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарақия ауданының 50 жылдығына әрі мереке қарсаңында арнайы ұйымдастырылған додаға 7 команда қатысып, өзара бақ сынады. Көктемнің шуақты мерекесінде қыз-келіншектердің арасынан белсенділік танытқан әрбір командаға көрермендер мен ұйымдастырушылар ерекше тәнті болды.
Сайыс қортындысы бойынша "Үздік ойыншы" аталымы Қарақия аудандық жалпы білім беретін алтыншы орта мектебінің ойыншысы Қанипа Молдашеваға бұйырса, "Үздік қорғаушы""Мұнайшы" командасының қорғаушысы Сауле Жетімековаға бұйырды. Сонымен қатар, "Үздік шабуылшы" аталымы "Жетібай" командасының шабуылшысы Гүлжәмила Жанетоваға берілді.
Сайыста ерекше көзге түскен "Қарақия кәсіптік колледжі" командасы "Жеңіске деген жігері үшін" үздік деп танылса, №6 мектеп ұжымынан құралған командасы жүлделі 3 орынға ие болды.”Жетібай” командасы екінші орынды місе тұтса, бірінші орын "Мұнайшы" командасына бұйырды.