Дзюдодан 2003-2005 жылы туған жастар арасында Қазақстан Республикасы чемпионатында Маңғыстау облысының дзюдошылары 3 күміс, 4 қола жүлде алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Семейде өткен ел чемпионатында ІІ орынға Қуанышбек Көмеков (60 кг), Әділет Жолекеш (66 кг), Жантілек Нұртілепұлы (+100 кг) ие болды. Ал қола жүлдені Нұрсұлтан Жұбатқан (66 кг), Мейірлан Максим (81 кг), Бисенбек Наурызбай (100 кг), Әлия Ходжаназарова (78 кг) алды.