Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Марат Ахметжанов қызметтік іссапарын Маңғыстаудан бастаған болатын. Тұрғындармен есептік кездесу өткізіп, өңір полициясының жұмысымен етене танысты. Сондай-ақ, Марат Мұратұлы сапар барысында облыстың бас полицейі Аян Дуйсембаевпен бірге Ақтау қаласы полиция басқармасындағы «Динамо» дене шынықтыру спорт кешенін ашты.
Ашылу салтанатынан кейін ішкі істер министрі спорт кешенін аралап, тренажер құрылғыларын жіті тексерді.
Сондай-ақ, оқатар қару мен пневматикалық қарудан ату жаттығулары мен дайындықтарын жүргізуге арналған тир алаңы да бар.
- Құқық қорғау саласында да қызмет пен спортты қатар алып жүрген үздіктер аз емес, - деді полиция департаментінде.