«Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі КММ-нің мекемесінің «Тасорпа» мемлекеттік табиғи қаумалының басшысы Н.Бисенғазиев қарамағындағы мемлекеттік инспекторларымен бірге ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға рейдтік-бақылау жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі КММ қарасты барлық қаумалдарға, аң-құстардың шоғырланатын бұлақ көздеріне, соқпақ жол маңдарына үнемі фототұзақтар орнатып отырады.
Кеше сол фототұзаққа түскен кадрдің бірі – «Тасорпа» мемлекеттік табиғи қаумалынан түскен «Шибөрі» ( қызылқасқыр). Оның дене тұрқы 70-82 см, бойы 45-50 см, құйрығының ұзындығы 22-23 см, салмағы 7 -13 кг. Шибөрі қасқырға ұқсас. Бірақ одан екі есе кіші, түсі жирен сұрғылт болып келеді.