Ақтауда 26 шағынаудандағы облыстық «Бекет ата» мешітінің жанындағы медресе эвакуацияланған азаматтарды қабылдауға дайын, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Елжановтың айтуынша, медресеге 40-қа жуық адам орналаса алады.
- Қалада бірқатар эвакуациялық пункттер ұйымдастырылып жатыр. Соның бірі облыстық Бекет ата мешітінің жанынан екі қабатты медресе. 40-қа жуық адам сиятын медресе эвакуацияланған азаматтарды қабылдауға дайын. Қазіргі таңда медресе қажетті заттар мен азық-түліктер қамтамасыз етіліп жатыр. Ең бастысы еліміз аман болсын!, - деді Әнуар Елжанов.