Ақпан айының 19-21 аралығында Ақтау қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ел біріншілігін ҚР Самбо федерациясы мен Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырып отыр.
Дүбірлі жарысқа еліміздің 17 облысы мен 3 қаласынан 20 команда қатысады деп күтіліп отыр. Чемпионат ресми түрде 19 ақпан күні «Маңғыстау арена» спорт сарайында сағат 16:00-де шымылдығын түреді.