ҚР Ұлттық ұланының "Батыс" өңірлік қолбасшылығының 6656 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қызметтік иттің көмегімен жоғалған баланы тауып, оны ата-анасына қайтарды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 21 қаңтарда орын алды. Аулада ойнап жүрген алты жасар баласын біраз уақыттан кейін көшеге шыққан анасы іздейді. Осы кезде 9-шағын ауданда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін күзетшілерді көріп, баласының жоғалып кеткендігін айтып, түсіндіреді. Гвардияшылар ақпаратты барлық әскери құрамаларға жеткізіп, іздеуге кірісті. Бала жоғалған аумақта баланың шарфы табылып, оны іздестіруге септігін тигізеді. Марс атты қызметтік ит баланың ізіне түсіп, іздеу жұмыстары нәтижесінде жоғалған бала 7-шағынаудандағы №28 үйдің жанынан табылып, оны анасына тапсырды. Марс қызметтік іздеу иті Ұлттық гвардияда 2018 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын атап өткен жөн. Осы уақыт ішінде ол көптеген жоғалған адамдарды тауып, түрлі қылмыстарды ашуға көмектескен.