Өткен жылы Ақтау Қазақстандағы жергілікті және шетелдік туристер арасында ең танымал бағыттардың біріне айналды. Биылғы жазда шетелдік туристер ағыны мен Иран мен Ресейден чартерлік рейстер саны екі есеге дейін артады деп күтіліп отыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қазіргі уақытта Ақтау даму әлеуеті жоғары басты туристік бағыттардың бірі саналады. ҚР Үкіметі 2019 жылы туристік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіткен болатын. Осы бағдарлама аясында Маңғыстау облысының экономикасын әртараптандыру үшін туризмге инвестициялар қамтамасыз етіліп отыр.
Ақтау - Қазақстандағы Каспий теңізінің жағалауында орналасқан, туристерге судағы жағажай демалысын, люкс-сегмент қонақүйлерінде және демалыс аймақтарында орналастыруды ұсынатын жалғыз қала. Сонымен қатар, Маңғыстау - таңғажайып пейзаждарымен, ерекше климатымен және қонақжай тұрғындарымен мақтана алатын түбекке баланады.
Бұл туристер үшін нағыз "жұмақ" жер саналары сөзсіз. Себебі мұндағы теңіз, дала, таулар, шатқалдар, қасиетті орындар демалушыларға естен кетпес әсер қалдырады.
Сонымен қатар, қалада ауқымды іс-шаралар мен маңызды фестивальдар өткізіліп тұрады. Мәселен, 2022 жылы Rixos Aktayда өткен "BalQaimaq food" фестиваліне 10 мыңнан астам адам қатысты. Мұнда қаланың жиырмадан астам үздік мейрамханалары мен кафелері өз тағамдарын ұсынды, ал триатлоннан халықаралық Азия чемпионатына бірден бірнеше жақын және алыс шет елдердің өкілдері қатысқан болатын.
Сондай-ақ, "Temir Adam" триатлонынан ҚР Кубогының финалын, шетелдік туристер алдында қаланың имиджіне оң әсер еткен "Dj Run" музыкалық фестивалін атап өткен жөн.
Алайда, бұл өңірде туризмді дамыту бойынша жоспарланған ауқымды жұмыстың бастамасы ғана. Баспасөз мәслихаты барысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңірде курорттық аймақ ауданында 4 ірі инвестициялық жоба, сонымен қатар, екі жобаны жергілікті инвесторлар іске асырып жатқанын хабарлады. Нәтижесінде 350-ден астам жаңа жұмыс орнын құра отырып, 102 миллиард теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланған. Жобалардың ішінде гольф қонақ үйі, сауда орындары, Вилла кешені, курорттық-қонақ үй кешені, келушілер орталығы және демалыс базалары бар.
Сонымен қатар, Каспий теңізі аумағында круиздік туризмді дамыту үшін Ақтау портында теңіз вокзалын салу мәселесі шешіледі деп күтіліп отыр.